Жаңалықтар тізбегі
0

Төреғалидің жары әнші ұсталғаннан кейін алғаш рет пікір білдірді: Жан-жарыма айтылған әр сөз жанымды жаралады

Төреғали Төреәлі, шоу-бизнес, сурет - Zakon.kz жаңалық 27.06.2023 23:52 Сурет: Instagram/tolkynturarbekkyzy2021
Бүкіл әлем менің жарыма қарсы соғыс ашса, мен оның артында тұрып, оғын алып беремін. Әнші Төреғали Төреәлінің жары Толқын Тұрарбекқызы Instagram-дағы парақшасында жарын қолдап жазба жариялады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Істі болған жұлдыздың келіншегі жан сырын желідегі оқырманына ақтарыпты.

"Бүкіл әлем сенің жарыңа қарсы болғанда, сезімдер тым бөлек. Бірақ Алла мені бұл сынаққа да дайындаған екен. Бұрынғы Толқын, етегі жасқа толып, миллиондаған даттауларға жүрегі жарылып, өзін қоярға жер таппай жылар еді. Ал қазір, менің жүрегімдегі мейірім мен Аллаға деген сенім бұның бәрінен үстем болып тұр", – деп жазыпты ол.

⠀Толқын Тұрарбекқызы жарын бұрынғыдан да қатты бағалай түскенін айтады:

"Жарыңнан артық кімің бар? Ойлап қарасам, мен үшін бұл күндер отбасы атты құндылықтың шексіз нығмет екенін терең түсіндіре түсті. Себебі жарымды одан да қатты бағалап кеттім… Біз адамдар, сондай шүкірсізбіз… Тіпті, жарымның дауысын естіп жүруім, ол да Алланың нығметі екенін сезінбеппін".

Ол жан-жарына айтылған әрбір сөз  өзінің де жанын жаралап, қанжардай қадалып, жараны тілімдей бергенін жазыпты.

"Даттап жазған әрбір пенде үшін кешірім тіледім. "Зор сауаптар зор сынақпен келеді". Сондықтан Алланың біз білмейтін, біз көре алмайтын даналығы барына мен шүбәсіз сенемін! Аллахым, мен саған мойынсұнамын! Бұл тек қана бір өзіңнің қалауыңмен болды. Әлбетте бұл қиындықтың артындағы үлкен жеңілдікке менің үмітім зоР", – деп жазды әншінің келіншегі.

14 маусым күні танымал әнші Төреғали Төреәлі есірткіге мас күйінде көлік құралын басқарғаны үшін ұсталып, әкімшілік жауапкершілікке тартылды. 16 маусым күні оның үстінен билік өкілдерін қорлау бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Алматы қалалық әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты 21 маусым күні полицияның заңды талабын орындамағаны үшін әнші қосымша әкімшілік жазаға тартылғанын, яғни оған үш тәулікке қамау түрінде тағы бір жаза тағайындалғанын хабарлады. 


Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: