Төреғали Төреәлінің қарындасы алғаш рет ана атанды
Сурет: Instagram/Farizatoreali
Әнші Төреғали Төреәлінің қарындасы Фариза Төреәлі оқырмандарына сүйінші сұрап, ана атанған жария етті, деп хабарлайды Zakon.kz.
Блогер жақсы жаңалықты 2023 жылдың 6 желтоқсанында Instagram парақшасында жариялады.
"Раббымыз бізге ата-ана болу бақытын нәсіп етті, Аллаху Акбар! Біз көп күткен бақыт.. біз көп тілеген бақыт. Раббымыз бұл сезімдерді сезінуді бұйыртты. Шексіз мадақтар менен мақтаулар болсын!" Фариза Төреәлі
Ол 9 ай бойы жүктілікті көпшіліктен жасырғанын мойындады, себебі тіл-көзден барынша сақтанған.
"Алла қалап дүниеге сәби алып келіп бәрін сезініп бастағанымыз сол еді артынша денсаулығыма байланысты жағымсыз жайттар орын алды. Жақындарымыздың бәрі дайындалып, роддомнан шығаруға ұшып келіп, дәл выписка күні анализдер нәтижелері болмай шығармай қойған еді." Фариза Төреәлі
Бірнеше күннен кейін толық тексеріс керек екендігін айтқан дәрігерлер, шығуға рұқсат берген.
"Ұзақ күткен бақытты күнімізде солай қалай қуанарымызды білмей қалдық, түрлі сезімдер ойнап жатты. Бірден Түркияға баруға жолдасым тез шешім қабылдап, келесі күні 7 күндік баламызды қалдырып кетуге мәжбүр болдық. Бұл да Алланың жоспары." Фариза Төреәлі
Блогер бұл шешім енді ғана босанған әйел үшін оңай болмағанын айтты.
"Әсіресе қиынға соққаны бөпемді қалдыру. Ең бастысы бәрі артта қалып оңынан реттелді.Сіздермен қуанышпен бөлісіп, сәби дауысын аңсап жүрген әр отбасыға шын жүректен жұғысты болсын дегіміз келеді! Дәл қазір бөпеміздің жанынында аман-есен отырған әр минутымыз үшін шүкір етіп отырмыз." Фариза Төреәлі
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript