Жаңалықтар тізбегі
0

"Желпуіш ұстаған әйел" туындысы Еуропада сатылған ең қымбат картина ретінде танылды

"Желпуіш ұстаған әйел", Густава Климт, сурет - Zakon.kz жаңалық 28.06.2023 01:19 Сурет: wikimedia.org
Густав Климттің "Желпуіш ұстаған әйел" картинасы аукционда 86 092 340 еуроға сатылып, Еуропада сатылған ең қымбат картина ретінде жаңа рекорд орнатты, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Euronews" сайтының жазуынша, ұсыныстар бірінен соң бірі түсіп, аукцион қыза түскен.

Соңғы 29 жылда картина бір отбасының қолында болған.

 "Желпуіш ұстаған әйел" Климттің ең жақсы туындыларының бірі болып саналады әрі суретші мансабындағы соңғы портреті болуы керек. Ол оны 1917-1918 жылдары, 55 жасында қайтыс боларынан бір ай бұрын салған.

Бұған дейін Еуропадағы аукциондағы ең қымбат бағаланған өнер туындысы 65 миллион фунт стерлингке (76 миллион еуро) сатылған Альберто Джакометтидің "Адымдап бара жатқан адам I" қола мүсіні болды.



Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: