Әлемдегі ең қымбат көлік сатылды

қымбат көлік, сурет - Zakon.kz жаңалық 20.05.2022 15:13 Сурет: Sotheby's/Mercedes-Benz AG
Әлемдегі ең қымбат көлік 142 млн долларға сатылды. Бұл аукционда сатылған ең құнды заттардың ондығына кіреді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Sotheby's аукционында Mercedes Benz 300 SLR Uhlenhaut Coupé жеке коллекционерге 142 миллион долларға сатылды, деп жазады sputnik.kz.

Sotheby's үйінің мәліметі бойынша бұл аукциондар тарихындағы ең қымбат көлік. Mercedes Benz-тің алдыңғы рекорды 95 миллион доллар болды. Mercedes-Benz 300 SLR Uhlenhaut Coupé "әлемдегі ең әдемі автокөлік" ретінде белгілі.

Ол жасаушы, жарыс автомобильдерінің әйгілі инженері Рудольф Уленхоуттың атымен аталған. Мұндай көліктің тек екі данасы бар. Рекордтық сомаға сатылған көлік 1955 жылы жасалған.

Бұл аукционда сатылған ең құнды заттардың ондығына кіреді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: