Жаңалықтар тізбегі
0

Әлемдегі ең қымбат дәрі қазақстандық сәбиге салынды

ең қымбат дәрі, сурет - Zakon.kz жаңалық 29.03.2022 17:28 Сурет: pixabay
Әлемдегі ең қымбат дәрілердің бірі Қазақстанда алғаш рет қолданылды. Бірінші препарат омыртқаның бұлшық ет атрофиясы диагнозымен туған төрт айлық сәбиге салынды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Zolgensma атты дәрінің құны бір миллиард теңге. Дәрігерлер бәрі сәтті өткенін айтады. Нәрестенің жағдайы қалыпты, деп жазады qazaqstan.tv

8-сәуірге дейін тағы 3 балаға осы дәрі салынбақ. Күрделі ем-дом «Ана мен бала» орталығында жасалды.

Қымбат дәрі-дәрмекті сатып алу және осы саладағы мамандарды оқыту жұмысы «Қазақстан халқына» қорының қаржыландыруымен жүзеге асты.

Zolgensma деген дәріні негізі шетелде салады екен. Бүгінгі таңда біздің Қазақстанда, өз елімізде салынып жатыр. Бір тарихи және ғылыми жаңалықтың қолданушысы болып отырмыз. Бақсиық Сатығалиев, науқас баланың әкесі

Қор жұмысына байланысты бүгін Премьер-министрдің орынбасары да пікір білдірді. Ералы Тоғжанов көмек ала алмай жүрген науқастар болса, өзінің атына өтініш жазуға болатындығын айтты. Әр мәселе жеке-жеке қаралатынын айтты.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: