Жаңалықтар тізбегі
0

"Дос Мұқасан" ансамблінің негізін қалаушылардың бірі қайтыс болды

"Дос Мұқасан" ансамблінің негізін қалаушылардың бірі қайтыс болды, сурет - Zakon.kz жаңалық 04.08.2023 14:15 Сурет: Instagram/dos_mukasan_official
"Дос Мұқасан" ансамблінің негізін салушылардың бірі, барабаншы Александр Литвинов 75 жасында қайтыс болды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Александр Литвиновтың қайтыс болғаны туралы ақпарат топтың Instagram-дағы ресми аккаунтында 4 тамызда пайда болды.

"Бүгін түнде 75 жасқа қараған шағында Литвинов Александр Михайлович дүниеден өтті. Ол –  біздің ансамбльдің негізін салушылардың бірі, барабаншы. "Дос-Мұқасан" ансамблі балаларына, туған-туыстары мен жақындарына қайғысына ортақтасып, көңіл айтады", - делінген хабарламада.

Ансамбль мүшелері Александр Литвинов жүректерінде адал, мейірімді, шыншыл, жанашыр, жарқын тұлға ретінде сақталатынын айтты.

"Дос Мұқасан" ансамблінің тағы бір негізін қалаушы, солист Қамит Санбаев 2020 жылы қайтыс болған еді.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: