Жаңалықтар тізбегі
0

"Қазақстан аруы" сұлулық байқауы еліміздің ең сұлу аруларын іздейді

"Қазақстан аруы" сұлулық байқауы еліміздің ең сұлу аруларын іздейді, сурет - Zakon.kz жаңалық 04.08.2023 14:57 Сурет: Тимур Эпов
Еліміздің хас сұлу бойжеткендері "Қазақстан аруы-2023" және "Астана аруы-2023" байқауларының жаңа маусымдарында бағын сынай алады.

Осыған орай Алматы және Астана қалаларында сұлулық байқауының ашық кастингтері өтеді. Кастингке жасы 18-25 жас аралығындағы, бойы 165 см жоғары, тұрмыс құрмаған кез келген ару қатыса алады.

Алматыда "Қазақстан аруы-2023" ұлттық сұлулық байқауына қатысуға ашық кастинг өтеді. Ол үшін байқаудың ресми сайтында қатысу туралы өтінімді толтыру қажет немесе 10 тамызда Розыбакиев көшесі, 247А, Mega Almaty сауда орталығына кастингке келіп қатыса алады. Басталуы 15:00.

Сонымен қатар Астанада "Астана аруы" сұлулық байқауының финалына қатысуға ашық кастинг өтеді. Оның жеңімпазы "Қазақстан аруы-2023" байқауының финалында еліміздің ең сұлу аруы атағына таласуға мүмкіндік алады. Кастинг 12 тамызда Қабанбай батыр даңғылы, 62, Mega Silk Way сауда орталығында өтеді. Басталуы 14:00.

Айта кетейік, "Қазақстан аруы" ұлттық сұлулық байқауы еліміздегі ең әсерлі, есте қаларлық және көпшілік асыға күтетін шаралардың бірі. Байқау жыл сайын өткізіледі, мұнда қатысушыларды жеңіске жету жолында көптеген қиын сынақтар мен тексеру күтіп тұр.

"Қазақстан аруы" байқауының ұйымдастыру комитеті ең сұлу бойжеткенді таңдап қана қоймай, оның ішкі сұлулығын, парасатын, талантын көпшілікке танытып, қайырымдылық істеріне қолдау көрсетеді. Байқау қыздарды тек сыртқы келбетімен жұмыс жасауға ынталандырмайды, оларды жеке тұлға ретінде қалыптастырып, ел өміріне оң өзгерістер енгізетін қоғамның белсенді мүшесі етуге ат салысады.

"Қазақстан аруы" үш халықаралық лицензияға ие, бұл байқау жеңімпаздарына халықаралық аренада ел намысын қорғап, "Әлем аруы", "Жер аруы" және "Ғалам аруы" байқауларына қатысуға мүмкіндік береді. Қазіргі таңда өткен маусымның жеңімпаздары халықаралық сұлулық байқауларына қатысуға қызу дайындық жүргізіп жатыр. "Қазақстан аруы-2022" атағының иегері Томирис Кәкімова 9 желтоқсанда Үндістанда өтетін "Әлем аруы" байқауында ел намысын қорғайды, "Қазақстан вице-аруы-2022" Томирис Заир 18 қарашада Сальвадорда "Ғалам аруы" байқауында және өткен маусымның тағы бір жеңімпазы Дильназ Тилаева жылдың төртінші тоқсанында өтетін "Жер аруы" байқауында Қазақстанды таныстырады.

"Қазақстан аруы" жылдар бойы қоғам мен БАҚ назарын аударатын, қатысушыларының танымал болуына ықпал ететін айтулы оқиға болып келеді. Байқау ел жастарын өздерінің таланты мен жеке қасиетін дамытуға шабыттандырады, ынталандырады, сонымен қатар әйелдердің көшбасшылық пен жетістікке ұмтылуына қолдау көрсетеді.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: