Жаңалықтар тізбегі
0

Балғынбек Имаш пен Жеңіс Сейдоллаұлы құдандалы болды: Қыз беріп отырған қай тарап

Әлеуметтік желі, сурет - Zakon.kz жаңалық 05.08.2023 16:54 Сурет: видеодан алынды
Танымал айтыскер ақын Балғынбек Имаш пен әнші Жеңіс Сейдоллаұлы құдандалы болды, деп хабарлады Zakon.kz.

Әлеуметтік желіде құдалық кезінде түсірілген видео тарады. Көпшілік қай тарап ұлдың, қай тарап қыздың жағы екенін білмей біразға дейін дал болды.

Кейіннен айтыскер Балғынбек Имашевтың қарындасы Жеңіс Сейдоллаұлының әулетіне ұзатылғаны белгілі болды.

"Кеше Балғынбек ағамыздың әулетінде қуаныш болып, Назым қарындасымызды ұзаттық. Сәні мен салтанаты жарасқан ұлттық үлгідегі тамаша думан болды. Осы іс-шараға үлес қосқан барша бауырларыма Алла разы болсын! Жеңіс аға мен Алма жеңгем құдаларды бастап келгенде іштей мәз болдым. Көптен көрмеген сыйлас жақындарыңды кездестірсең көзіңе оттай басылады екен. Ағамыздың әні кештің сәні болды!", деп жазды айтыскер ақын Данияр Алдаберген Instagram-дағы парақшасында. 

Жеңіс Сейдоллаұлы - әнші, композитор, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері. 2018 жылдары "Қазақконцерт" мемлекеттік концерттік ұйымының директоры болып еңбек еткен.


Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: