СІМ өкілі Кенесары ханның басын қайтару мәселесіне қатысты пікір айтты
Сурет: e-history.kz
ҚР Сыртқы істер министрлігінде өткен брифингте ведомствоның ресми өкілі Айбек Смадияров Кенесары ханның басын отанына қайтару мүмкіндігіне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Ведомствоның ресми өкілінің сөзінше, Кенесары ханның басы жоқ деген де деректер бар.
"Кейбір мәліметтер бойынша, ресей тарапының айтуынша, бас табиғатта жоқ көрінеді", - деді Айбек Смадияров.
Ол Кенесары ханға қатысты мәселелерді қазақ тарихшылары ресейлік әріптестерімен бірлесе отырып нақтылауы керек екенін айтты.
"Бұл - тарихшылар анықтайтын, зерттейтін мәселе. Олар осы деректі ресейлік әріптестерімен анықтауы керек", - деді ол.Айбек Смадияров
ҚР Сыртқы істер министрлігі өкілінің айтуынша, егер басқа ведомстволардан мұндай сауалдар дипломатиялық арналар арқылы түссе, олар ресейлік тарапқа жіберіледі.
Осыдан бірнеше жыл бұрын БАҚ-та Кенесарының бас сүйегі Мәскеудегі этнографиялық музейде жатыр деген ақпарат тараған. 2021 жылы Қазақстан мамандары сол жерге ұлы ханның бас сүйегі мен мылтығын анықтауға бармақ болған.
Бұған дейін Кенесары ханның Құраны Қазақстан мұсылмандары діни басқармасына тапсырылған еді.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript