Астанадағы "Шабыт" сарайы шынымен де сүріледі ме – ресми жауап

Шабыт сарайы, Астана, әлеуметтік желі, сурет - Zakon.kz жаңалық 24.08.2023 21:55 Сурет: Facebook.com/Kazbek.Maigeldinov
Қазақ ұлттық өнер университеті әлеуметтік желіде тараған "Шабыт" сарайының видеосына қатысты түсінік берді, деп хабарлайды Zakon.kz.
"Фейсбукта "Шабыт" ғимараты не болып жатыр деген сауал бар екен. Оған Мәдениет және спорт министрлігінiң баспасөз хатшысы Abdualieva Moldir ресми жауап берген. Сонда да халық құлағдар болсын, жаңа оқу жылының басталуына аз қалды, мен де жазайын. "Шабыт" шығармашылық сарайы күрделі жөндеу жұмыстары үшін екі жылға жабылды. Енді Қазақ ұлттық өнер университеті Абай, 47 мекенжайында орналасқан ғимаратқа көшті. Бұрын бұл "Intercontinental " қонақ үйі болатын. Кейін Астана қаласының Полиция департаменті осында отырды. Одан кейін ковидпен ауырғандарды сонда "салды". Енді бұл ғимаратта "Астана" медицина университеті мен Қазақ ұлттық өнер университеті болады", деп жазды Riza Almukhan Facebook-тегі парақшасында.


Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: