Жаңалықтар тізбегі
0

"Әке жайлы айтпаймын, қозғамаймын өлең де". Садраддиннің әні көпті ойлантып тастады

Садраддин Болат, Түн әні, әке, әлеуметтік желі, сурет - Zakon.kz жаңалық 11.09.2023 21:56 Сурет: Instagram/sadraddinn
Танымал тележүргізуші Шахкерім Кәрмен желідегі парақшасында жас әнші Садраддин Болаттың "Түн" әнін талдап, отбасылық құндылық туралы арыдан ой қозғайды. Оның пікірінше, әнші адам өміріндегі үлкен трагедияны екі сөзге сыйғызып жіберген, деп хабарлайды Zakon.kz.
"Садраддинның "Түн" әніндегі "Әке жайлы айтпаймын, қозғамаймын өлең де" деген сөзі үлкен романда сипаттай алмайтын адам өміріндегі үлкен трагедияны екі сөзбен жеткізіп тұрғандай. "Ұлым" демейтін әкелер болса да, "Елім" дейтін ұл туады дегенменен. Елестетіңізші, 10 мың адам осындай ұлымыз бар деп мақтанып тұрды ол арада. Жаратқан ием жар болсын! Тілектеспін. Еркектерге, балаңыз өлеңге қосатындай өмір сүріңіз, әйелдерге, балаңыз осындай болатындай өмір сүріңіз дегім келеді, делінген тележүргізуші жазбасында.

Айта кетсек, күні кеше жас әнші Садраддин Болаттың "Алматы арена" кешенінде жеке концерті өтті. Бұл концертті ұйымдастыру кезінде әншінің досы, блогер Дархан Жолшыбеков 70 млн теңге көлемінде қаржылық көмек көрсеткен деген ақпарат та бар.

Әнші сұқбаттарында әкесі туралы көп айта бермейді. "Уақыты келгенде әкем туралы әңгімені әнмен жеткіземін. Әкеме ешқандай ренішім жоқ. Уақыты келгенде айтылады", - деген еді ол бір сұқбатында.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: