"Оққағары бар". Серікбол Сайлаубек өзіне қатысты алып-қашпа әңгімеге қатысты түсінік берді

Серікбол Сайлаубек, әнші, оққағары бар, алып-қашпа әңгіме, сурет - Zakon.kz жаңалық 13.10.2023 21:50 Сурет: видеодан алынды
Біраз уақыт бұрын әлеуметтік желіде тойда Серікбол Сайлаубектің ән айтқан видеосы тарады. Ол видеода әнші алдында бірнеше қарулы адам тұрады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Осыдан кейін "Әнші Серікбол Сайлаубек тойға оққағарларымен бірге барады екен" деген дабыра сөз кеңінен тараған. Осы видеоға қатысты әнші "Ұйқым келмейді" бағдарламасына берген сұқбатында түсініктеме бере кетті.

"Сарыағаш жақ болуы керек. 700 адамдық тойға Юлдыз Усманова апайымызды да шақыртыпты. Сахнаға шықсам, алдымда қолында автоматтары бар адамдар тұр. Өзім таң қалдым. Сол кезде ән айтқанымды алдымнан біреу түсіріп алып, интернетке салып жіберген. Мен оны білмеймін. Тойға көлікпен барғанмын. Алматыға тақағанда жан-жақтан қоңыраулар келіп түсті. Былай қарасаңыз, менің ол араға дым қатысым жоқ. Тек барып, ән айтқаным болмаса", - дейді әнші.  

Айта кетсек, алдында әнші Сәкен Майғазиевтың жол апатына ұшырағаны хабарланған болатын.

Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: