Жаңалықтар тізбегі
0

"Меккеге бар!". Танымал әншінің 15 жасар қызы еңбектеп жинаған 1 млн теңгесін әкесіне сыйлады

Абай Бегей, туған күн, 1 миллион теңге, Меккеге жолдама, сурет - Zakon.kz жаңалық 16.10.2023 21:48 Сурет: видеодан алынды
Танымал әнші Абай Бегейге мерейтойы құрметіне үлкен қызы - Ерке 1 миллион теңге табыстады. Кіші қызы - Сымбат та үлкенінен қалыспай әкесіне тосын сый жасап, 1 млн теңге берді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы әншінің Instagram-дағы парақшасына жүктеген видеодан белгілі болды. 

Кіші қызы әкесінің туған күніне көктемнен бастап дайындалғанын, талмай еңбек етіп, тірнектеп ақша жинағанын айтады. Ол әкесіне Меккеге жолдама алып беруді мақсат етіпті.

"Сөзсіз… Осы күнді ұзақ күттім, ішіме сыймай. Сәуірден бастап блогымды жүргізіп, бірнеше бутиктерге модель болып, жарнамасын жасап тірнектеп ақша жинадым. Ақтауда жүргенде де шетінен саумай тек осылай той алдында әкемді қуантамын деген мақсат болды. Тосын сыйға Меккеге жолдама алып беремін деп жүр едім, әкемнің жұмыс кестесін білмеген соң осылай беру дұрыс болар деп шештім. 15 жасымда ағамның тойының бір шетін көтере алғаныма іштей қатты қуанып тұрмын”, – деп жазды Сымбат желіде.


Айта кетсек, әнші Абай Бегейдің алғашқы жары 2016 жылы қайтыс болды. Тұңғыш некеден әншінің үш қызы және бір ұлы бар.  2018 жылы Абай Бегей өзінен 16 жас кіші Фаризамен қайта шаңырақ көтерді. Екінші некеден өнер адамының үш баласы бар.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: