Жаңалықтар тізбегі
0

Абай атындағы ҚазҰОБТ биылғы маусымдағы алғашқы гастролін Семейде өткізді

театр, сурет - Zakon.kz жаңалық 05.11.2023 14:51 Сурет: Абай атындағы қазақ ұлттық опера және балет театрының баспасөз қызметі
Жуырда Абай атындағы қазақ ұлттық опера және балет театры 90-маусымын ашты. Сөйтіп алғашқы гастрольдік сапарын Семейден бастады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Гастрольдік бағдарламаға әлемдік және ұлттық классиканың жауhарларына айналған Ахмет Жұбанов пен Латиф Хамидидің "Абай" операсы мен хореография өнерінің жарқын туындысы Адольф Аданның "Жизель" балеті кірді. 

"Абай" қойылымының өзіне тән бірегей тарихы бар. 1944 жылғы 24 желтоқсанда алғаш рет қойылған опера қазақ халқы үшін Қазақстан мәдениетінің шежіресінде жаңа парақшасын ашты.

Мұхтар Әуезовтің либреттосына жазылған "Абай" операсы – шындық пен өтіріктің, әділет пен опасыздықтың, мейірімділік пен қызғаныштың, адалдық пен сатқындықтың, сезім мен парыздың арпалысуы, Қазақстанның опера өнерінің ең үздік жетістіктерінің бірі.

Италиялық режиссер Андреа Чиньи қайта жаңғыртқан "Абай" операсында бас партияларды театрдың жетекші солистері Талғат Күзембаев  (Абай), Төлеген Рахметов (Әзім), Ажар Қуаншәлиева (Ажар), Дархан Жолдыбаев (Айдар), Қайрат Өмірбеков (Сырттан), Төлеген Рахымбаев (Көкбай) және Дина Хамзина (Қарлығаш) сомдады. 

Адольф Аданның "Жизель" балеті – ең көп сахналатын балеттің бірі, романтизм дәуіріндегі балет шығармашылығының шыңы, екі ғасырға жуық театрлардың репертуарын байыта түсетін әлемдік хореографияның інжу-маржаны. 

"Жизель" балетінің сахналануына Генрих Гейне қағазға түсірген көне вилисалар туралы аңыз-әңгіме арқау болды.  

балет, сурет - Zakon.kz жаңалық 05.11.2023 14:51

Сурет: Абай атындағы қазақ ұлттық опера және балет театрының баспасөз қызметі

Бұл балет Абай атындағы қазақ ұлттық опера және балет театрының сахнасында алғаш рет 1943 жылы 27 шілдеде КСРО халық әртісі Галина Уланованың қойылымында көрсетілген еді.  Жизельдің партиясын да өзі сомдаған. Кейінірек, 1978 жылы Қазақстандағы балет мектебінің негізін қалаушы Александр Селезнев, ҚазКСР Халық әртісі және кеңесші - балетмейстер, КСРО Халық әртісі Наталья Дудинская, суретші ҚазКСР еңбек сіңірген өнер қайраткері Анатолий Ненашев 45 жыл бойы театрдың сахнасынан түспей келген балетті екінші рет редакциялады.

Театр 2023 жылғы 20 және 21 мамырда балеттің үшінші қойылымын ұсынды. Оны РСФСР еңбек сіңірген әртісі Юрий Васюченко, Ресейдің халық суретшісі Вячеслав Окунев қойды.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: