Жаңалықтар тізбегі
0

Құдалық кезінде Димашқа әкесінің досы төрт бөлмелі пәтер сыйлады

Димаш Қашкен, Мерей Әбілова, сурет - Zakon.kz жаңалық 18.11.2023 12:47 Сурет: Instagram/abilovva_m
Қарағандының "Шахтер" клубының футболшысы Дінмұхамед (Димаш) Қашкен мен белгілі блогер, модель әрі әнші Мерей Әбілованың мұсылмандық жолмен некелерін қиғаны туралы ақпарат алдында жария болған. Бүгіндері екі тарап құдалық рәсімін атқаруда, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы Мерей Әбілова құдалықтан кейін Instagram-дағы парақшасында қуанышты жаңалығымен бөлісуі кезінде белгілі болды (құдалық алдымен қыз жақта, одан кейін күйеу бала жақта өткен).

"Бізге әкемнің досы (қайын ата) төрт бөлмелі пәтер сыйлады. Құттықтап қойсаңыздар болады", - деп жазды ол.

Блогер сыйлық сертификатын да сторисіне жүктеген.

Онда: "Құрметті Дінмұхамед және Мерей. Сіздерді Belle view резиденциясынан пәтерлеріңізбен құттықтаймын. 4 бөлмелі пәтер. 171 шаршы метр", деп жазылған.

Айта кетсек, 2023 жылы қыркүйек айында Қарағандының "Шахтер" клубының футболшысы Дінмұхамед (Димаш) Қашкен желідегі парақшасында қалыңдығы - блогер, модель әрі әнші Мерей Әбіловамен мешітте түскен суреттерін жариялаған болатын

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: