Димаш Құдайберген көпті оппозициялық партияға кіруге шақырмаған – Stopfake

Әлеуметтік желі, сурет - Zakon.kz жаңалық 22.04.2022 21:23 Сурет: Instagram/kudaibergenov.dimash
Әлеуметтік желіде әнші Димаш Құдайбергеннің қазақстандықтарды «Алға Қазақстан» оппозициялық партиясына кіруге шақырғаны туралы ақпарат тарап жатыр, деп хабарлайды Zakon.kz.

Stopfake.kz бұл ақпараттың фейк екенін хабарлайды.

Бұл жаңалықтың дереккөзі – qazinform24 сатиралық Instagram-аккаунты.Бұл парақшада шынайы және сенімді ақпараттар жарияланбайды, бұл туралы оның профилінде жазылған. Аккаунтта тек ойдан шығарылған «жаңалықтар» ғана шығарылады. Демек, әншінің оппозициялық партияларға қосылуға шақырғаны туралы ақпаратқа сенудің қажеті жоқ, делінген хабарламада.

Одан бөлек, әншінің творчествасын насихаттаушы «DimashNews» редакциясы да Инстаграмдағы парақшасында бұл ақпаратты жоққа шығарып, көптен арандатушылыққа бой алдырмауды сұрады.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: