Жаңалықтар тізбегі
0

Испаниялық әнші Димаш Құдайберген болып ән айтып, шоуда жеңіске жетті

Димаш образы, сурет - Zakon.kz жаңалық 08.03.2022 10:53 видеодан скриншот
Испаниялық әнші Агоней Эрнандес (Agoney) Antena телеарнасындағы «Tu cara me suena» шоуында Димаш Құдайбергеннің «SOS d'un terrien détresse» композициясын орындады, деп хабарлайды Zakon.kz.

«Tu cara me suena» шоуы – «Один в один» или «Точь в точь» жобаларының аналогы. Қатысушылар өздеріне танымал музыканттар мен орындаушылардың бейнесін жасап, әндерін орындайды.

Гранд финалда өнер көрсету үшін Agoney Dimash Digital Show-дан ән таңдады. Шоу режиссерлері спектакльдің дизайнын барынша дәл қайта жасауға тырысқан. Олар әншінің костюмін, өзін, визуалды эффектілерді және онлайн-концерттің атмосферасын өте дәл жеткізген.

Мен Димашты сомдаймын. Оның керемет даусына еліктейтін боламын. Өз өмірімде дауыс жағынан ешқашан орындай алмайтын нәрселерді айтуға тырысамын. Осындай мүмкіндігімен ол шоу емес пе? – деді Agoney шоу алдындағы сұхбатта.

Кейіннен әншінің осы шоуда жеңіске жеткені хабарланды.

Димаш Құдайберген де бұл шоудағы Agoney-дің өнері туралы жазып, пікір білдірді.

Бүгін Испания телеарнасындағы реинкарнация шоуының аяқталғанын білдім. Осы шоудың финалында мені сомдаған талантты @agoney бұл жобаны жеңіп алды. Мен оны құттықтағым келеді. Талантына құрмет білдіремін. Менің образымдағы орындауына келсек, тек браво деймін. Орындаушылардың басқа елдердегі осындай шоуларда маған пародия жасағанын көріп жүремін. Маған бәрі ұнайды. Сәлем испандық қымбаттыларым! – деп жазды әнші Instagram-дағы парақшасына.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: