"Астана Опера" солисі "Большая опера" тележобасының жеңімпазы атанды

"Астана Опера" солисі "Большая опера" тележобасының жеңімпазы атанды, сурет - Zakon.kz жаңалық 19.12.2023 14:27 Сурет: Мәдениет және спорт министрлігі
"Астана Опера" театрының жас солисі Дінмұхамед Көшкінбаев кәсіби опера әншілерінің "Большая опера" халықаралық телевизиялық жобасында жеңіске жетті. Оған Беларусь, Армения, Өзбекстан мен Ресейден әншілер қатысты.

Дінмұхамед Көшкінбаев – ASTANA OPERA Халықаралық опера академиясының түлегі, Бибігүл Төлегенова байқауының бас жүлде иегері, Ева Мартон танымал халықаралық вокалистер байқауының (Венгрия) финалисі.⠀

Қараша айында әншінің жеңістер қазынасы тағы бір мәртебелі марапатпен толықты: орындаушы "Opera Crown Tbilisi" халықаралық вокалдық байқауында үшінші орынды иеленіп, арнайы жүлдесін алды.

"Большая опера" – "Культура" телеарнасының танымал жобасы, оның тұсаукесері 2011 жылы өткен болатын. Оған шоу мен академиялық концерт элементтері біріктірілгендіктен, оның барлық маусымдары көрермендердің зор қызығушылығын туғызған.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: