Нұрлан Сабыров "Канделакимен телефон арқылы сөйлесті" деген ақпаратты түсіндірді
Ол өзінің Instagram парақшасында әлеуметтік желілерде тарап жатқан әңгіменің жазбасын жоққа шығарды.
"Тинамен телефон арқылы сөйлескен деген ақпарат жалған. Сондықтан қолдауларыңызға рақмет. Баршаңызға тыныштық пе. Қазақстан, Алға", - деп жазды Нұрлан Сабыров Instagram парақшасында.
Айта кетейік, бұған дейін БАҚ-та Нұрлан Сабыров пен Тина Канделаки арасындағы телефон арқылы сөйлесті деген аудиожазба пайда болды. Онда журналист әзілкештен "өзіне және Ресейге пайдалы" пікір білдіруін сұраған.
Жуырда ғана өзінің Telegram арнасында Тина Канделаки Қазақстанда бірнеше вокзалдың аты өзгергенін жазып, "Қазақстан орыс тілін мемлекеттік деңгейде ығыстырып жатыр" деп мәлімдеді. Мұнан соң ҚР Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров тележүргізушінің бұл сөздері назардан тыс қалмайтынын атап өтті. Оның айтуынша, журналист Қазақстанға келгісі келсе де, елге кірмейді.