Тоқаев Зеленскиймен телефон арқылы сөйлесті

Телефонмен сөйлесу, сурет - Zakon.kz жаңалық 02.03.2022 22:49 Сурет: akorda.kz
Телефон арқылы сөйлесуге Украина тарапы бастамашы болды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Украина тарапының бастамасы бойынша Президент Владимир Зеленскиймен телефон арқылы сөйлесті. ҚР Президентінің баспасөз хатшысы Берік Уәли

Ақорданың мәліметінше, тараптар Украина төңірегіндегі ахуал бойынша пікір алмасты.

Қасым-Жомарт Тоқаев Украинадағы әскери іс-қимылдарды тоқтату және одан әрі болдырмау үшін келіссөздер барысында уағдаластыққа қол жеткізудің маңызды екенін айтты.

Мемлекеттер басшылары екі елдің гуманитарлық саладағы ынтымақтастығын одан әрі дамытуға келісті.

Бұған дейін Беларусь еліне украин тарапымен келіссөздер жүргізу үшін Ресейден делегация келгені хабарланған болатын. Кездесу 3 наурызда өтеді деп күтіледі .

Оқи отырыңыз: Тоқаев Ресей Президенті Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлесті

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: