Елбасы Ауғанстан Президентімен телефон арқылы сөйлесті

Спутник, сурет - Zakon.kz жаңалық 23.06.2020 23:56 Спутник
Телефон арқылы сөйлесуге Ауғанстан тарапы бастамашы болды.

Елбасы Ауғанстан Ислам Республикасының Президенті Ашраф Ғанимен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды Elbasy.kz.

Әңгімелесу барысында Ауғанстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа зор денсаулық және коронавирус сырқатынан тезірек сауығып кетуін тіледі.

Тараптар өңірлік қауіпсіздік пен тұрақтылықты қамтамасыз ету мәселелерін талқылады. Ашраф Ғани Қазақстанның Ауғанстанды әлеуметтік-экономикалық тұрғыдан қалпына келтіру және гуманитарлық көмек көрсету жөніндегі жүйелі іс-қимылдарын жоғары бағалады.

Елбасы Ауғанстан көшбасшысына жылы лебіздері үшін алғыс айтып, екі ел арасындағы дәстүрлі достық қарым-қатынастың одан әрі нығая беретініне сенім білдірді.

Телефон арқылы сөйлесуге Ауғанстан тарапы бастамашы болды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: