"Сұлтан Бейбарыс" фильмі француз тілінде жарық көрді
Сурет: видеодан алынды
Қазақ киносының алтын қорындағы картина Парижде қалпына келтірілді. Жоба аты аңызға айналған Мысыр билеушісінің 800 жылдық мерейтойына орайластырылып қолға алынды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Фильмді тамашалауға қазақ диаспорасының мүшелері, әр елдің дипломаттары және жергілікті киносүйер қауым жиналды. Фильм осыдан 35 жыл бұрын түсірілсе де, бүгінгі күнге дейін өзектілігін жоймаған. Көрермендер де қазақ киносының терең мағыналы екенін айтып, жоғары бағасын берді, деп хабарлайды 24kz.
"Сұлтан Бейбарыс Мысырда өте танымал. Біз оны өз дәуірінің озық тұлғасы деп білеміз. Оның есімі Мысыр мен Қазақстанды, Таяу Шығыс пен Орта Азия елдерін біріктіреді. Даңқы әлемге әйгілі тарихи тұлғаның сара жолы бауырлас халықтар арасындағы алтын көпір іспетті". Франциядағы Мысыр елшісі Алаа Юссеф
Айта кетсек, Мысырда Сұлтан Бейбарыс медресесі қақпасының еш жерде жарияланбаған суреті табылған болатын.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript