"Екі түрлі дыбыс шығарады". Павлодарлық айтыскерге бұрын-соңды болмаған аспап тарту етілді
Сурет: көрнекілік үшін видеодан алынды
Ақмола облысы Қосшы қаласы мәдениет үйіне қарасты Ұлттық аспаптар музейінің қорынан жеткізілген жәдігерлер көрмеге қойылды. Көрменің соңында музей қызметкері Азамат Бақия павлодарлық айтыскер Бөкен Жігерге жаңадан шыққан, атауы жоқ аспапты сыйлады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Бұл аспап екі түрлі дыбыс шығарады, деп хабарлайды Pavlodarnews.kz.
"Қазақта домбыра мен қобызда бірдей ойнай алатын адамды – телқоңыр деп атаған екен. Бұл аспап жалпы ғылыми негіздемеде жоқ. Бұл ақын айтыста екі аспаппен де өнер көрсеткен соң екі аспапты бір түптен жасап шығып, тарту еттік. Ертеңгі күні бұл аспабымыз үлкен додалар мен айтыстарда көрініп жатса, еңбегіміз ақталды деген сөз", – дейді Азамат Бақия.
Айта кетсек, бұл аспап жаңа шығарылған соң атауы әлі қойылмаған. Қолөнер шебері "телқоңыр" деп атауды жөн көрген.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript