Жаңалықтар тізбегі
0

Елімізде көне және сирек кездесетін кітаптарды өңдеумен айналысатын 20 шақты ғана маман бар

Реставратор, көне кітапты өңдеу, сурет - Zakon.kz жаңалық 12.03.2024 22:47 Сурет: pixabay
Қазақстанда кітап реставраторлары жетіспейді. Ал отандық жоғары оқу орындары ондай мамандарды даярламайды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Елімізде көне және сирек кездесетін баспаларды өңдеумен айналысатын 20 шақты ғана маман бар. Мәселен, мына көне қолжазбаның 150 жыл тарихы бар. Орталықта мұндай тарихы терең кітап көп. Оларды қалпына келтіру үшін мамандар бір немесе бірнеше ай еңбектенеді. Түптеу жұмыстарын жүргізеді. Орталықта 9 мыңнан астам кітап бар. Оның 2 мыңы 19-20 ғасырға жататын өте сирек, құнды баспа болып есептеледі. Сонымен қатар біршамасы араб, парсы, шағатай тілдерінде және төте жазумен жазылған, деп хабарлайды Astana.tv.

Кітапты өңдеу жұмыстары арнайы кезеңдерден тұрады. Ең алдымен кітап толық дезинфекциядан өтеді. Одан соң химиялық қышқылдармен бейтараптандырылады. Соңғы кезең - реставрация және түптеу.

"Біз қазір құжатты нақты рестоврациялау және оны өсіру жұмыстарын жасмаймыз. Яғни, құжаттың жетіспейтін бөлшектерін, аймақтарын жүзеге асырамыз.Ол үшін бізге керек құралдар жапон қағазы жәнеде ұн желімі. Керекті формада, керекті қалыпта жыртып алғаннан кейін жалғастырамыз. Бұрышымыз дайын, құжатқа байланысты әр түрлі формадағы жапон қағазын қолданамыз". Суретші, реставратор Жансерік Бейсенқұлов

Елімізде реставрация жоқ деп айтуға келмейді, әр қордың тек кішігірім өңдеу жұмыстарын істейтін мамандары бар. Бірақ, бұл қызметті кәсіби деңгейде атқаратындар аз. Сол себепті орталық мамандары арнайы бейімдеу курстарында оқытылады.


"Бұл курс екі деңгейден тұрады, бастауыш және жалғастырушы. Бастауышта жаңадан келген маман. Реставрацияның не екенін әлі толық түсінбейді. Сондай мамандарға арналған бірінші деңгей. Жалғастырушылар ол мысалы реставрациямен таныс күнделікті жұмысында таныс, солардың тәжірбиесін жоғарылатуға арналған курстар". Қолжазбалар және ұлттық сирек кітаптар орталығы бөлімінің басшысы Сырым Ботабеков

Қолжазбалар және сирек кітаптар ұлттық орталығы 140-тан астам кітапты түптеген. Әлі де қалыпқа келтірілуі тиіс кітап көп, бірақ маман тапшылығы жұмысты баяулатып тұр.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: