Қазақстанда туабітті құлақ кемістігі бар балаларға ота жасайтын маман жоқ

Дети, буллинг, травля, задирание, жертва буллинга, школьный буллинг, издевательство, травля ребенка, травля детей, буллинг среди учеников, буллинг среди детей, буллинг среди подростков , сурет - Zakon.kz жаңалық 04.11.2025 09:47 Фото: pexels
Қазақстанда туабітті құлағы естімейтін үш мыңнан астам балаға ота жасай алатын арнайы оториноларинголог-хирург мамандар жетіспейді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Осы себепті ата-аналар шетелдік дәрігерлердің көмегіне жүгінуге мәжбүр.

Мысалы, АҚШ-та мұндай операцияның құны 50 миллион теңгеден басталады. Сол елдің жетекші отохирургі, 25 жылдық тәжірибесі бар Джозеф Роберсон Алматыға арнайы келіп, балаларды қабылдады, деп жазады qazaqstan.tv.

9 жастағы Айару есімді қыздың бір құлағы мүлде естімейді. Анасы Гүлбану Сұлтанқызы өткен жылы Роберсонның қабылдауында болып, биыл тағы кеңес алуға келген.

"Дәрігер балаларды 1-ден 10 балға дейін бағалайды. 7-ден 10 балл аралығындағы балалар отаға жарамды, ал төмен балл алғандарға тек имплант орнатылады", — дейді Айарудың анасы.

Дәрігерлердің айтуынша, микротия (құлақ қалқанының дамымауы) және атрезия (құлақ тесігінің болмауы) сынды патологиялар Қазақстанда жүйелі түрде зерттелмеген.

"Баланың құлағының естімеуі көбіне генетикалық емес, сыртқы факторларға байланысты. Сондықтан түпкі себебін толық түсіну маңызды. Біз жылдар бойы хирургиялық емдеудің сапасын арттыру үшін жұмыс істеп келеміз", — дейді отохирург Джозеф Роберсон.

Бүгінге дейін америкалық маман 660-тан астам балаға операция жасаған, олардың 13-і – Қазақстаннан. Ал елімізде осы диагноз қойылған үш мыңнан аса бала әлі де шетелдік емге зәру.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: