Жаңалықтар тізбегі
0

Төрт ай бұрын көңіл қосқан танымал жұп желіде жазба жариялап, бір-бірін көрместей болып жатыр

Айя Шалқар, Асқар Ілиясов, сурет - Zakon.kz жаңалық 11.05.2024 10:57 Сурет: Instagram/aya_shalkar
Модель Айя Шалқар актер Асқар Ілиясовпен көңіл қосқанын, өздерінің жарасымды жұп екенін биыл қыстың соңында жариялаған еді. Алайда сол кезде ажырамас жұп болып көрінген олар енді бір-бірін көрместей араздасып, желіде жазба жариялауда, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы шығармашалық ортада кеңінен танымал екеудің 10 мамырға қараған түні Instagram-да жариялаған жазбаларынан белгілі болды. 

Ең алдымен Айя жазба жариялап, өз басындағы жағдайды баяндау арқылы қыздарға жігітпен қарым-қатынаста аса мұқият болуды ескертті.

"11 жыл өзімен үздіксіз жұмыс істеп, яғни өміріммен, карьераммен, ЖОО-ның екі дипломын алып, бүкіл дүние жүзін шарлап, шетелдің бес қаласында тұрып, біраз тәжірибе жинаған 28 жастағы өзім жігітіммен арадағы қарым-қатынас барысында (Құдай сақтағанда, аз уақыт ішінде) өткенім үшін өзімді кінәлі сезіндіруді (!), сынап-мінеп, менің басымды төмендетуге тырысуды байқадым. Гендерлік мәселе, саясат, білім-ғылым туралы менің түпкілікті түсінігіме дейін күмән-сезік келтірілді, білесіздер ме? Қыз-келіншектер, жандарым менің! Өз-өздеріңізге қамқор болыңыздар, шекарадан асып, баса-көктеп жатқандарды басқа шығармаңыздар, қашыңыздар одан. Ешкім сізге сенбесе де, сізді бүкіл ел білсе де, ұят болса да басыңыз ауған жаққа қашу керек. Өйткені түбінде бәрі жақсы болады. Маған сеніңіз!", делінген орыс тіліндегі жазбада.

Актер да бұл жазбадан кейін бірден осы форматта өз жауабын жариялады. Ол, ең бастысы, өзінің абюзер емес екенін баса атап өтті. Оның айтуынша, екі жаққа кету туралы шешімді олар бірлесіп қабылдаған. 

"Осыны жазып отырғаныма сене алар емеспін, бірақ Айяның жазбасы астына пікір қабылдырушылар шектен шығып барады. Мен абъюзер емеспін, әйел баласын сыйлаймын, құрметтеймін. Айяны да жақсы көріп, құрметтейтін, екеуміз арамызда болған дүние мен үшін қымбат әрі қадірлі. Өкінішке қарай, екеуміз екі жаққа кеттік. Төрт айға жуық жарқын әрі ұмтылмас сәттер болғанына қарамастан айырылыстық. Сондай шешім қабылдадық. Оның жазып жатқандары мені тығырыққа тірейді. Әрине, мен ақталғым келмейді, бірақ арада диалог болғанын қалаймын. Бұл туралы жеке-дара сөйлесуге де болар еді, алайда өзің осындай ашықтықты қаласаң, мен кет әрі емеспін. Тимур Балымбетовқа сұқбат берейік бірігіп, сөйтіп маңызды мәселелерді талқылайық. Меніңше, бұл біз үшін ғана емес, қарым-қатынаста тығырыққа тірелген өзге жандар үшін де терапия тұрғысында пайдалы болады", деп жазды актер Асқар Ілиясов.
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: