Виктор Цойдың ұлы әкесіне арнап бейнебаян шығарды
Сурет: wikipedia
15 мамырда музыкант Саша Цой "Кино" тобының жетекшісі Виктор Цойдың үйдегі бейне мұрағатынан толығымен жиналған "Часть меня, которой нет" әнінің бейнебаянын жариялады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Кадрларда: Цойдың құмды бархандарда жүгірген достары, саяжай, АҚШ-қа сапар және Цой қайтыс болған Латвиядағы демалысы көрінген. Бұрын бұл бейнелер ешқайда жарияланбаған.
Әндегі гитара бөлігін "Кино" тобындағы Юрий Каспарян жазды.
Бейнебаян сипаттамасында Саша Цойдың әннің сөздерін де, музыкасын да өзі жазғаны көрсетілген.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript