Өзбекстанда өткен халықаралық айтыста Мұхтар Ниязов бас жүлде иеленді

Мұхтар Ниязов, Өзбекстан, халықаралық айтыс, бас жүлде  , сурет - Zakon.kz жаңалық 17.05.2024 22:20 Сурет: Facebook/Мұхтар Ниязов
2024 жылы 17 мамырда Өзбекстанның Науаи қаласында өткен Әйтеке бидің 380 жылдығына арналған халықаралық айтыста қазақ ақыны Мұхтар Ниязов бас жүлде иеленді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Халықаралық айтысқа Өзбекстан, Қырғыз Республикасы, Моңғолия және Қазақстаннан 10 ақын келіп, олардың алтауы еліміздің намысын қорғады.

Сүйінші хабармен Қызылорда облысы мәдениет басқармасы әлеуметтік желіде бөлісті. 

Мұхтар Ниязов үш дүркін "Алтын домбыра" иегері екенін айта кетелік. Бүгіндері ол Бекежанов атындағы облыстық қазақ академиялық музыкалық драма театрының басшысы қызметін атқарады. 

Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: