"Аватар" және "Титаник" фильмдерінің продюсері 63 жасында қайтыс болды
Бұл туралы EADaily жазды.
"Әкем Ландау 5 шілдеде Лос-Анджелесте қайтыс болды", - деді продюсердің ұлы The Hollywood Reporter басылымына берген сұхбатында.
Алайда ол әкесінің неден дүние салғанын ашып айтпады.
Variety сайтының хабарлауынша, америкалық продюсердің қатерлі ісік ауруынан көз жұмған.
Джон Ландау 1960 жылы 23 шілдеде Нью-Йоркте дүниеге келген. Ол өзінің еңбек жолын 1980 жылдары кино өндірісінің менеджері ретінде бастады. Содан кейін ол "Бал, мен балаларды қысқарттым" (1989) және Дик Трейси (1990) фильмдерінің бірлескен продюсері атанды.
Кейіннен Ландау Джеймс Кэмеронмен жұмыс істей бастады және "Титаниктегі" жұмысқа (1997) қосылып, осы фильмнің продюсері болды.
Фильм тарихта бірінші болып дүниежүзілік кассада 1 миллиард доллардан астам табыс тапты және 11 Оскар сыйлығына ие болды. Ландаудың өзі бұл сыйлықты Титаниктегі жұмысы үшін алды, сонымен қатар ол "Алтын глобус" лауреаты атанды.