Жаңалықтар тізбегі
0

15 күн көзді ашып жұмғанша өтіп кетеді: Қайрат Нұртастың анасын желідегі жазылушылары қолдауда

15 күн көзді ашып жұмғанша өтіп кетеді: Қайрат Нұртастың анасын желідегі жазылушылары қолдауда , сурет - Zakon.kz жаңалық 09.07.2024 13:03 Сурет: Instagram/gulziraaidarbekova
Қайрат Нұртастың анасы Гүлзира Айдарбекова тұтқындалған ұлын қолдап, желіде жазба артынан жазба қалдыруда. Оны жазылушылары сабырға шақырып, 15 күннің тез-ақ өтіп кететінін айтуда, деп хабарлайды Zakon.kz.

2024 жылдың 8 шілдесінде Айдарбекова ұлының концертінен бейне жариялап, жазбаға өлең шумақтарын қалдырды.

Жазбаға әншінің жанкүйерлері қолдау көрсетіп, пікір қалдыруда.

  • Жаным, Гүлзира ханым! Осы оқиға басталғалы Сіздің белсенділігіңіз ерекше арта түскенін байқап отырмыз! Ол жерде: Алланың алдында баласы үшін Ананың дұғасы, жанкештілік, толассыз жауған аппақ батасы, балапаны үшін шырылдаған ананың жанағайы, шарасыз болса да шартарапқа шарқ ұратын ананың алапат күші, кеудесін кез -келген кедергіге төсеп, жүрегін жұлып беретін жаужүректігін, батылдығын байқап отырмыз! Осынша үлкен Махаббатпен сарыла күткен әр сәтіңіздегі үмітіңіз ақталып, балапаныңыз қанатыңыздың астына аман-есендікте, қуанышпен оралсын!
  • Қайрош шынымен әр қазақтың жүрегіне жол таба білген әнші. Бәрі жақсы болады әлі-ақ. Алла жақсылық берсін.
  • Ақ Қайрош мықты ғой,бәрін де жеңеді! Уайымдамаңыз.
  • Гүлзира уайымдамашы,бәрі жақсы болады,Қайратжан атына сай жігіт қой!
  • 15 күн көзді ашып жұмғанша өтеді де кетеді,- деп жазды желі қолданушылары.

Айта кетсек, 5 шілдеде алдымен әлеуметтік желіде танымал әнші Қайрат Нұртастың ұсталғаны туралы ақпарат пайда болды. Кейін сотқа жүгінуші, жәбірленуші - әншінің бұрынғы досы Асылбек Бекқайыров екені белгілі болды. Танымал әншіге екі бап бойынша айып тағылған: 1) ҚР Әкімшілік кодексінің 73-бабының 1-тарауы, 1-бөлігі бойынша, қасақана жеңіл дене жарақатын келтіргені үшін; 2) ҚР Әкімшілік кодексінің 434-бап, 2-бөлігі бойынша, ұшақ бортында ұсақ бұзақылық жасағаны үшін. Тағылған екінші айып бойынша танымал әнші сот шешімімен 15 тәулікке қамауға алынды. Ал бірінші хаттама бойынша екі тарап бітімгершілікке келген. "Екі жақтың татуласуына байланысты ҚР Әкімшілік кодексінің 73 бапбының 1 тарау 1 бөлігі бойынша қозғалған іс тоқтатылды", - деді судья. Көп ұзамай Қайрат Нұртаспен жанжалдасқан жолаушы да 10 тәулікке қамалғаны белгілі болды. Сот отырысында Асылбек Бекқайыров өз кінәсін мойындамаған.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: