Жаңалықтар тізбегі
0

Абай атындағы опера және балет театрынан шыққан шу: министрлік тексеру жүргізетін болды

Абай атындағы опера және балет театры, Мәдениет министрлігі, жұмыстан шығару, сурет - Zakon.kz жаңалық 31.07.2024 20:08 Сурет: Википедия
Бүгін, 2024 жылы 31 шілдеде Абай атындағы Қазақ ұлттық опера және балет театрының қызметкерлері жұмыстан себепсіз шығарылғандарын айтып, әлеуметтік желіде жазба жариялады. Көп ұзамай тиісті министрлік жауап қатып, бұл мәселеге қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Желіде жарияланған видеода жұмыстан қысқарған Назерке Әбілқасымова 1 шілдеге дейін театрда 9 капельдинер жұмыс істегенін нақтылайды. Ал 1 шілдеде театр қызметкерлері, әдетте демалысқа шығады. Алайда олар еңбек демалысына шығу үшін өтініш өткізуге барғанда өздерінің жұмыстан босатылғанын білген.

"Жұмыстан шығару себебін алда келе жатқан театрдың 90 жылдық мерейтойымен байланысты екенін айтты. Біз театрдың заңгеріне бірнеше рет бардық. Ол бізге дөрекі түрде жауап беріп, штаттың қысқартылатыны туралы құжатты көрсетіп, өз еркімізбен жұмыстан кетуге кеңес берді", — дейді ол.

ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі Абай атындағы Қазақ ұлттық опера және балет театрының қызметкерлеріне қатысты жағдай қолданыстағы заңнамаға сәйкес театр құрылымын қайта жасақтауға байланысты екенін нақтылады. 

"Жоғары біліктілікті қажет ететін лауазымдарды жойып, жаңа лауазымдар енгізілуіне байланысты өзгерістер болып отыр. Осы өзгерістерге қатысы бар барлық қызметкерге бос лауазымдар немесе қызмет көрсету шарты бойынша жұмыс ұсынылған, бірақ олар жұмыстан бас тартты. Айта кетейік, театр барлық өтемақыны төлейтін болады", делінген министрлік хабарламасында. 

Сонымен қатар, ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі аталған жағдайға қатысты заңды тұрғыда қызметтік тексеру жүргізілетінін, оның нәтижелері кейінірек жарияланатынын да нақтылады.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: