Жаңалықтар тізбегі
0

Алматыда әлемге танымал балет өнерінің жұлдызы шеберлік сағаттарын өткізуде

Балет, Ульяна Лопаткина, шеберлік сағаттары, сурет - Zakon.kz жаңалық 12.09.2024 21:54 Сурет: Абай атындағы қазақ ұлттық опера және балет театрының баспасөз қызметі
Алматыға әлемге танымал балет өнерінің жұлдызы Ульяна Лопаткина келіп, бүгіндері Абай атындағы Қазақ ұлттық опера және балет театрында шеберлік сағаттарын өткізіп жатыр, деп хабарлайды Zakon.kz.

Абай атындағы Қазақ ұлттық опера және балет театры әлемге танымал балет өнерінің жұлдызы, Мариинский театрының прима-балеринасы, Ресей Мемлекеттік сыйлығының және РФ Үкімет сыйлығының лауреаты, Ресейдің Халық әртісі, театр саласындағы мәртебелі "Золотой софит" және "Золотая маска" сондай-ақ, лондондық сыншылардың Evening Standard премияларының иегері Ульяна Лопаткина шеберлік сағаттарын өткізіп жатқанын хабарлайды.  

Балет өнерінің майталмандарының ойынша, Ульяна Лопаткина "Әлемдік балеттегі ең үздік аққу" болып табылады. 

Шеберлік сабақтары театр директоры Айнұр Көпбасарова мен балет труппасының көркемдік жетекшісі Қазақстанның Халық әртісі Гүлжан Түктібаеваның бастамасымен өткізіледі.

Гүлжан Түткібаеваның айтуынша, Ульяна Вячеславовна "Аққу көлі" қойылымындағы кейіпкерлердің күрделі бейнелерін тереңірек түсіну үшін басты партиялардағы, яғни Одетта-Одиллия мен Ханзада Зигфридті, зұлым данышпан Зигфридтің партиясын сомдайтын балет солистерімен жұмыс жасап, жаттығады.

Балет, Ульяна Лопаткина, сурет - Zakon.kz жаңалық 12.09.2024 21:54

Сурет: Абай атындағы қазақ ұлттық опера және балет театрының баспасөз қызметі


"Ол өз мамандығының шебері және өзінің ерекше тәжірибесімен бөлісе отырып, балет әртістерінің әр жұбы үшін өзінің ерекше нюанстарын табуға тырысады. Ульяна Лопаткина кейіпкерлердің бейнелерімен жұмыс жасауда рөлді ерекше мұқият зерттейді. Әртістеріміздің өз кейіпкерлерін тереңірек түсінуін, әрі олардың қарым-қатынастарын өз мүмкіндіктерінің жаңа қырлары арқылы тереңірек ашуды үйренгенін қалаймын. Ульяна Вячеславовнамен жұмыс - баға жетпес тәжірибе және біздің театр үшін де, балет солистері үшін де үлкен мүмкіндік", - дейді ол.
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: