Жаңалықтар тізбегі
0

Абай атындағы театр классика әлемінің 126 ардагерін марапаттады

Абай театры, сурет - Zakon.kz жаңалық 01.10.2024 20:39 Сурет: Абай атындағы қазақ ұлттық опера және балет театрының баспасөз қызметі
Абай атындағы қазақ ұлттық опера және балет театры өзінің 90-маусымын ашты. Мерейлі жылдар бойы өмірін киелі сахнаға, шығармашылыққа, театрға қызмет етуге арнаған 126 адал жанға мәдени ошақ арнайы төсбелгі мен сыйлық табыстады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қос мерейтойы – қара шаңырақтың 90 жылдығы мен Ахмет Жұбанов-Латиф Хамидидің "Абай" опералық спектаклінің 80 жылдығы тұспа-тұс келген маусым, естен кетпес мереке сыйлады. Театр ұжымы бұрын өнер ордасында қызмет еткен әртістерді қызыл кілем төсеп, қошеметпен қарсы алды. Марапатталған ардагерлер - 10 жылдан астам уақыт бойы қара шаңырақта үздіксіз еңбек еткен мамандар. Олардың қатарында тек сахна әртістері емес, костюм цехы, грим маманы, жарық қоюшы сияқты театрдың барлық бөлімінің бұрынғы қызметкері бар.

Абай театры, сурет - Zakon.kz жаңалық 01.10.2024 20:39

Сурет: Абай атындағы қазақ ұлттық опера және балет театрының баспасөз қызметі

Құрметті қонақтар қатарынан КСРО Халық әртісі және Мемлекеттік сыйлық иегері Бибігүл Төлегенова, Қазақ КСР Халық әртісі және Қазақ КСР Мемлекеттік сыйлығының иегері Раушан Байсейітова, Қазақстан және Татарстан Халық әртісі Нұржамал Үсенбаева және басқа опера мен балет майталмандары, Қазақстандағы дипломатиялық елшіліктердің қадірлі өкілдері табылды.

Абай театры, сурет - Zakon.kz жаңалық 01.10.2024 20:39

Сурет: Абай атындағы қазақ ұлттық опера және балет театрының баспасөз қызметі

"Абай атындағы театр "Ғасыр алдындағы жаңа белеске" аяқ басты. Әне-міне дегенше, алдағы 10 жылда қара шаңырағымыз жүз жасайды. Осымен 90 жылға нүкте қойылатын тарихи күнде ардагерлердің басын қосып, еңбегіне рақмет айтып лайықты құрмет көрсету, бүгінгі өскелең ұрпақтың, өнер ұжымының бірден-бір парызы деп есептеймін. Неге десеңіз, адам еңбегі бірінші кезекте ұйым тарапынан, одан ары қарай қоғам, мемлекет тарапынан бағаланып тұрғаны маңызды. Бұл әсіресе өнер адамына шабыттану үшін аса қажет, сондықтан Абай атындағы театрда жаңа үрдіс – өз қызметкерлерінің еңбегін жылда атап өтетін әдемі дәстүр жол тартты", - деді Абай атындағы ҚазҰОБТ директоры Айнұр Көпбасарова.

Театр ардагерлерін марапаттау салтанатында асылдың тұяғы Раушан Хатиятқызы анасының аса бағалы портреті мен кезінде Күләш Байсейітованың спектакльдерде киген бірнеше бас киімін өнер ордасының мұражайына сыйлады. Қазақ КСР Еңбек сіңірген өнер қайраткері Николай Цивчинский салған сурет бұрын-соңды еш жерде жарияланбаған және оның ерекше тарихы бар.  

Абай театры, сурет - Zakon.kz жаңалық 01.10.2024 20:39

Сурет: Абай атындағы қазақ ұлттық опера және балет театрының баспасөз қызметі

Маусымашарда қонақтарға шағын музыкалық тарту жасалып, мерекелі кеш Ахмет Жұбанов-Латиф Хамидидің "Абай" операсын тамашалаумен тәмамдалды.

Абай атындағы Қазақ ұлттық опера және балет театры осылайша өзінің "Ғасыр алдындағы жаңа белесін" – 91-ші маусымын бастап кетті. Дәстүрге сай жаңа маусымның екінші күнінде П. Чайковскийдің "Аққу көлі" балеттік спектаклі көрерменіне жол тартты.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: