Мадина Сәдуақасова көпшілікті сұлулығымен тамсандырды
Сурет: Instagram/sadvakasovamadina
Қазақстандық әнші Мадина Сәдуақасова оқырмандарын ерекше фотосессиядағы суреттерімен қуантты, деп хабарлайды Zakon.kz.
Instagram желісіне жүктеген суреттердің жазбасына ол "Сабыр түбі сары алтын…",- деп жазды.
Бір қызығы Сәдуақасованың жаңа бейнесі бірқатар оқырмандарға ұнамаған да тәрізді. Олар пікірге жазылудан бас тартатындарын жаппай жазды. Сондай-ақ, әншінің үстіндегі пиджактың үлкен екенін де ескерткендер табылды.
Бұған қарамастан "Қазақтың Мадинасының" шынайы жанкүйерлері оның әлі де қаз-қалпында екенін айтып, мақтады.
- Өнерімен сусындаған жыр елі, Мақтан тұтады өзіңізді, Сыр елі. Не кисең де жараса кетер өзіңе, Қазақтың сұлу қызы, мадмуазелі!
- От емес өрт боп тұрсыз!
- Сабыр түбі сары алтын, сол алтынның зілі бар. Халық сүйген Мадинаның, сыңғырлаған үні бар...
- Көңілің әппақ, жүрегің ашық кеңсің, Тартымды сұлу, бірінші әйел, сенсің.
Бұған дейін Әбдікәрімованың қоғамдағы әйел рөлін негіздегені хабарланған болатын.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript