Ескендір Хасанғалиевтың 85 жылдығына орай "Атамекен" – ел рухы" көрмесі өтеді

Ескендір Хасанғалиев, Алматы, 85 жылдығы, көрме , сурет - Zakon.kz жаңалық 05.02.2025 21:16 Сурет: gov.kz
2025 жылы 7 ақпанда сағат 15:00-де Алматы музейінде Ескендір Хасанғалиевтың 85 жылдығына орай "Атамекен" – ел рухы" көрмесінің салтанатты ашылуы өтеді, деп хабарлайды Zakon.kz.
"Қазақ ән өнерінің алтын қорына мол мұра қалдырып кеткен әйгілі композитор, талантты әнші, ҚР Мемлекеттік сыйлығының иегері, Қазақстанның Халық артисі Ескендір Хасанғалиевтың өмірі мен шығармашылығынан сыр шертетін көрмеде композитордың жеке заттары мен фотосуреттері, марапаттары, сахналық костюмдері, партитуралары, музыкалық аспаптары, афишалар және отбасылық заттары ұсынылады", делінген Алматы қаласы музейлер бірлестігінің баспасөз баянында.

Ескенді Хасанғалиев – қазақтың ән өнеріне зор үлесін қосқан сазгер. Композитор шабытының жемісі болған "Атамекен" әніне биыл 55 жыл толады. Сондай-ақ, Е. Хасанғалиевтың "Бозторғай", "Студенттердің қоштасу әні", "Әдемі-ау" сынды туындылары қалың көрерменнің сүйіп тыңдайтын әндеріне айналды. Талантты композитор бұл әндерден бөлек 200-ге жуық ән, романс және хорға арналған шығармалардың авторы. Шығармашылық ғұмырында орыс, татар, неміс ақындарының өлеңдеріне де ән жазған.

Көрменің салтанатты ашылуына Алматы қаласы Мәдениет басқармасы өкілдері, шығармашылық интеллигенция, өнер қайраткерлері, БАҚ өкілдері және Алматы қаласы тұрғындары мен қонақтары қатысады.

Көрме 1 ай жалғасады.

Бұған дейін Алматы соты Алмас Кішкенбаевтың ісі бойынша шешім шығарғаны хабарланған. Оған сәйкес, әнші әкімшілік құқық бұзушылық айыбы бойынша кінәлі деп танылып, оған 15 тәулікке қамауға алу түрінде жаза тағайындалды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: