Бостандыққа шыққан Алмас Кішкенбаев кінәсін мойындамайтынын айтты

Бостандыққа шыққан Алмас Кішкенбаев кінәсін мойындамайтынын айтты, сурет - Zakon.kz жаңалық 22.02.2025 20:59 Сурет: instagram.com/a.kishkenbaev
Жасөспірімді тиіскені үшін 15 тәулікке қамауға алынған қазақстандық танымал әнші Алмас Кішкенбаев мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ол тағылған айып бойынша кінәсін мойындамайтынын айтты және көпшіліктен бұл тақырыпты енді қозғамауын өтінді.

"Армысыздар! Бәрі аяқталған соң ақпаратты өзім берейін деп ойлаған едім. Барлығы жарыса жазыпты. Жарайды. Біріншіден, осындай қиын жағдайда маған қолдау білдірген жанның барлығына алғысымды білдіргім келеді. Қолдау білдірген жандар қаншалықты болса, рейтинг жинаған, хайп қуған жандар да жеткілікті болды. Барлығы, Құдайға шүкір, аяқталды. Соттың шешімі бар. Мен заңнан биік емеспін, бағынамын, бірақ маған тағылған айыппен келіскен емеспін, келіспеймін де. Тағы да қайталаймын: барлығы, Құдайға шүкір, аяқталды. Енді бұдан былай бұл ақпарат жөнінде маған сұрақтарыңызды қоймасаңыздар болады. Осы жерден өзім нүктесін қояйын. Айтарым - осы. Аман болыңыздар!", - деді әнші.

Еске салайық, бұған дейін әнші Алмас Кішкенбаев жасөспірімге тиіскені үшін 15 тәулікке әкімшілік қамауға алынған еді. Әртіс үш бөтелке сыраны жеткізу үшін курьерге тапсырыс берген. Оны 17 жастағы жасөспірім алып келген.

Жасөспірімнің айтуынша, ер адам алкогольді алып, кейін оны бірге ішуге шақырған. Сондай-ақ бозбала тапсырыс беруші өзіне сексуалдық сипаттағы әрекеттер жасаған айтты. Ол болған оқиғаны әкесіне айтып берген, ал әкесі құқық қорғау органдарына арыз жазды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: