Ресейде өткен халықаралық фестивальде отандық "Шатырдағы екеу" фильмі жеңіске жетті

Ресейде өткен халықаралық фестивальде отандық "Шатырдағы екеу" фильмі жеңіске жетті, сурет - Zakon.kz жаңалық 11.03.2025 18:59 Сурет: gov.kz
ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі мен Ұлттық кино орталығының қолдауымен түсірілген "Шатырдағы екеу" фильмі Ханты-Мансийскіде өткен XXIII Халықаралық дебюттік кинофильмдер фестивалінде "Душа России. Мировое кино" номинациясы бойынша жеңіске жетті, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Дух огня" – дебюттік фильмдерге арналған Ресейдің жетекші фестивальдерінің бірі. Фестиваль – жас режиссерлер үшін маңызды алаң. Биыл фестивальде 14 елдің жаңа фильмдері көрсетілді. Олардың қатарында Малайзия, Қытай, Оңтүстік Корея, Жапония, Таиланд, Иран, Үндістан, Сингапур және басқа да елдер бар.

"Шатырдағы екеу" фильмі – режиссер Гүлшат Смағұлованың дебюттік фильмі. Онда адамның өз орнын табуы, махаббат пен мейірім секілді маңызды тақырыптар қозғалады. Туынды кездейсоқ кездесулер адам тағдырына қалай әсер ететінін баяндайды.

"Росконгресс" қорының жүлдесі фильмде мәдени, тарихи құндылықтар көрсетіліп, олардың мәні толық ашылғаны үшін табысталып отыр.

Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: