Димаш Құдайберген Ақтау тұрғындарын маңызды жайтпен құттықтады

Қазақстандық әнші Димаш Құдайберген "Ақтау – түркі әлемінің мәдени астанасы" жобасының ашылуымен өңір тұрғындарын құттықтады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Бұл жайлы ол 2025 жылғы 7 сәуірде өзінің Instagram парақшасында жазды.
"Киелі мекен Ақтауды Түркі әлемінің астанасы атағын алуымен құттықтаймын! Бұл жай ғана мәртебе емес – бұл халқымыздың бай мәдениетін, тарихын, рухын мойындау",- делінген жазбада.
Мұнымен қоса, ол концертке келген 150 мыңнан астам көрерменге алғысын білдірді.
Бұған дейін Димаштың 87 жастағы маңғыстаулық қолөнер шеберімен кездесіп, оның шөбересіне бұйымдарын сыйға тартқандығы жайлы жазған болатынбыз.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript