"Ол да өнер жолынан": Димаш Құдайбергеннің күйеу баласының кім екені белгілі болды

Әлемге танымал қазақстандық әнші Димаш Құдайбергеннің отбасы жалғыз қызын – Раушанды құтты орнына қондырды. Әсемдігі мен ұяңдығы бір бойына сіңген Раушанның таңдауы қай серге түскен. Толығырақ Zakon.kz ақпаратында.
Ақжолтай хабар жайлы 2025 жылғы 30 сәуірде Раушан Құдайбергеннің өзі Instagram парақшасында жариялаған бейнеден белгілі болды. Онда қалыңдықтың "сырға салу" рәсімі бейнеленген.
Ал, 1 мамырда Раушан Stories-қа өзінің сүйіктісімен әсерлі бейне салды.
Димаштың қарындасының таңдауы түскен сері жігіт – Ермахан Аймахан. Ол да өнер жолында жүрген тұлға – Астана қаласы Музыкалық жас көрермен театрының актері.
Бұл ретте, Раушанға бақыт тілеген дүйім жұрт Ермаханға да жылы лебіздерін білдіре кетті.
- Раушанды ренжітпеңіз! Бағалаңыз! Бақытты болыңыздар!
- Раушанды бақытты етіңіз, құдалардың алдындада жерге қаратпассыз, бақытты боп ғұмырлы үбірлі- шүбірлі болыңыздар!
- Керемет жұп! Бақытты болыңыздар!
- Раушан қызымыз жар таңдаудан адаспаған сияқты. Спорт пен өнерді қатар алып жүрген өзіне сенімді, нағыз -ер азамат екені көрініп тұр.
Бұған дейін Төреғали Төрәлінің әкесінің желіде жариялаған видеосы көпті алаңдатып қойған болатын.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript