Димаш Құдайбергеннің Еуропадағы концертіне қалай жолдама ұтып алуға болады

Димаш Құдайберген "Тау ішінде" атты жаңа әніне челлендж жариялады, деп хабарлайды Zakon.kz.
15 мамыр күні сағат 20:00-де (Астана уақытымен) Димаш Құдайбергеннің YouTube желісінде "Тау ішінде" атты жаңа бейнебаянының премьерасы өтеді.
Әншінің жеке сайтының хабарлауынша, премьераға орай челлендж жарияланды: осы трекке түсірілген және ең көп қаралым жинаған қызық видео авторына үлкен сыйлық дайын!
Шарттары:
- Видеоның ұзақтығы 30 секундқа дейін болуы керек;
- TikTok немесе Instagram платформаларында жариялау;
- Хэштег: #TauIshindeChallenge.
Челлендж 2025 жылғы 8 мамыр мен 25 мамыр аралығында өтеді.
Жүлде — жеңімпаз өз таңдауы бойынша Димаш Құдайбергеннің жеке концертіне жолдама алады (Барселона, Берлин, Лондон немесе Рига). Ұшу және тұру шығындары толық қамтылады.
Нәтижесі — 26 мамырда Алматы қаласында өтетін фан-кездесуде жарияланады.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript