Роза Рымбаева ұлдарымен бірге жаңа әннің тұсауын кесті

Роза Рымбаева ұлдарымен бірге жаңа әннің тұсауын кесті, сурет - Zakon.kz жаңалық 30.05.2025 14:15 Сурет: pxhere
Белгілі қазақстандық әнші Роза Рымбаева ұлдары Әлі Оқапов және Мәди Рымбаевпен бірге "Esimde" атты жаңа әннің бейнебаянын жұрт назарына ұсынды. Өнер адамдары туындыны әлеуметтік желілерде жариялады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бейнебаянның толық нұсқасын YouTube-тан көруге болады.

Видео сипаттамасында әннің композиторы Әлі Оқапов, ал сөздерін Әлі Сражадин жазғаны көрсетілген.

Көрермендер қазақ шоу-бизнесіндегі жаңа музыкалық туындыны жоғары бағалады.

  • Роза ханымның дауысы ерекше ғой, таза.
  • Керемет!!! Роза, Мади, Али!!! Творчестволық табыс тілеймін. 
  • Роза Қуанышқызының дауысы нағыз қазақ елінің ДНК-сы.
  • Тамаша туынды, сөз жоқ!
  • Супер, мұны біз ұзақ күттік... 
  • Бәрі есімде... жүрекке жетті бұл ән!

Бұған дейін Димаш Құдайбергеннің АҚШ-та концерт өткізетінін жазған болатынбыз. 

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: