Жанар Айжанованың жалғыз қызы ақжолтай хабармен бөлісті
Сурет: Instagram/aizhuldyz_adaibekova
Бүгін, 2025 жылғы 27 маусымда, ерлі-зайыптылар сәбилі болатынын жеткізетін бейнежазба жариялады.
"Біз сені күтіп жүрміз, бөпем. +1 Қағаров", – деп жазды бақытты жұп – Сәкен мен Айжұлдыз.
Желі қолданушылары мен достары бұл жаңалыққа дереу жылы лебіздерін жаудыра бастады.
Өзінің Stories-інде Адайбекова "Netflix жобасына бекітілгеніне қарамастан, уақытша фильмдерге түсуден бас тартқанын" айтты.
Сондай-ақ, ол бұл қуанышты хабарды бөліскеннен кейін жеңілдеп қалғанын, себебі "ішін жасыру мүмкін болмай бара жатқанын" жеткізді.

Сурет: Instagram/aizhuldyz_adaibekova
"Төрт айға дейін қатты токсикоз болып, гормон деңгейі көтеріліп кетті. Өте қиын болды – жай ғана өмір сүріп жүрдім, бірақ жұмыс арқылы көңілімді бөлуге тырыстым", – деді жүкті актриса.
Сонымен қатар, Айжұлдыз жанкүйерлерінен гендер-пати болмайтынына және туыстары мен достарының реакциясы түсірілген видео жоқтығына кешірім сұрады. Себебі оның "жаны тыныштықты қалады".

Сурет: Instagram/aizhuldyz_adaibekova
"Осы кезеңде мен кітап оқып, медитация жасап, пайдалы подкасттар тыңдағанды жөн көрдім. Артық назар аудартқым келмеді, өйткені алғашқы кезең – ең сезімтал уақыт. Сол себепті біз Сәкешіммен үндемей жүруді ұйғардық", – деп жазды ол.
Актриса сәбидің жынысын өздері білетіндерін де атап өтті.
"Мен әдемі видео түсірдім, жақында жариялаймын", – деп уәде берді ол.

Сурет: Instagram/aizhuldyz_adaibekova
Бұған дейін Ai Yola тобының әншісі Forbes рейтингіне енгендігін жазған болатынбыз.