"Әлемі бөлек": Жанар Айжанованың қызының үйлену тойы Қазнетті дүр сілкіндірді

"Әлемі бөлек": Жанар Айжанованың қызының үйлену тойы Қазнетті дүр сілкіндірді, сурет - Zakon.kz жаңалық 05.05.2025 15:19 Сурет: Instagram/aizhuldyz_adaibekova
Өткен демалыс күндері Алматыда экстрим-блогер Сәкен Қағаров пен актриса Айжұлдыз Адайбекова үйлену тойын өткізді. Ерекше стильдегі тойдың бейнелерін желіге жас жұбайлар ғана емес, қонақтар да жаппай жүктеуде, деп хабарлайды Zakon.kz.

Адайбекова әнші Жанар Айжанованың жалғыз қызы. Ол бұған дейін танымал мобилограф Қыран Талапбекпен шаңырақ көтерген болатын. Алайда, олардың некелері ұзаққа созылмады. Екеуінің Назар есімді ортақ ұлдары бар.

Жас жұп фотосуреттерін желіге келесідей жазба қалдырып жүктеді:

"Өмір саған мандариндер мен махаббат сыйлағанда".

Сондай-ақ, блогер Абай Қабдрашитов та өз әсерлерімен бөлісті.

Фотограф Асқар Бумага жас жұбайдың киімдеріндегі суреттерді Айжұлдыздың ұлы салғанын атап өтті.

Желі қолданушылары күйеу жігіт пен қалыңдықтың келбетіне сын көзбен қарап, өз пікірлерін білдірді. Дегенмен, көпшілік бақыт тілеумен болды:

  • Бір-біріңе арналған жансыңдар ғой!
  • Әйтеуір, біртүрлі.. Шетелдіктердің өзі үйлену тойын стандартқа сай киеді. Біртүрлі деген сайын біртүрлі санап өздерін.. Не де болса, бақытты болсын!
  • Тең-теңімен деген осы екен ғой) Бақытты болыңдар!
  • Жүректері бір біріне адал соқса болды емес па не киеді, не жейді шаштары қандай маңызды емес)
  • Қандай әдемі, ерекше, өзгеше шексіз бақыт тілеймін)

Бұған дейін Димаш Құдайбергеннің қарындасы Раушан Құдайбергеннің тұрмысқа шыққалы жатқаны жайлы жазған болатынбыз. Димаштың күйеу баласы кім екендігін, бойжеткеннің таңдауы қай серіге түскенін мына жерден оқи аласыздар.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: