Әлемнің экс-бірінші ракеткасы төртінші мәрте ана атанды

Әлемнің экс-бірінші ракеткасы төртінші мәрте ана атанды, сурет - Zakon.kz жаңалық 23.12.2025 16:51 Сурет: Instagram/annakournikova
Жұптық разряд бойынша әлемнің экс-бірінші ракеткасы, ресейлік теннисші Анна Курникова төртінші сәбиін дүниеге әкелді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қуанышты жаңалықпен ол өзінің желідегі парақшасында бөлісті. Белгілі болғандай, сәби 17 желтоқсан күні дүниеге келген.

Мұндай хабарды күтпеген спортшының жанкүйерлері таңданыстарын жасырмастан пікір білдіріп, құттықтап жатты.

  • Уау, құттықтаймын!
  • Тамаша! Сәби ғұмырлы болсын!
  • Әкесі танымал әнші, анасы атақты спортшы тамаша комбо! Нәрестенің жолы болды)
  • Керемет, құттықтаймын! Күтпеген жаңалық болды ғой!

Бұған дейін, "Үлкен дулыға" турнирлерінің екі дүркін чемпионы желідегі парақшасында ерекше отбасылық суретін де жариялаған. Онда теннисші – құс кейпіндегі костюмде, ал қыздары – асқабақ, ұлы – футболшы ретінде киінген.

44 жастағы Анна Курникова мен 50 жастағы испандық әнші Энрике Иглесиас 2001 жылдан бері бірге. Ерлі – зайыптылардың үш баласы бар: егіз ұлы Николас пен қызы Люси (2017 жылы 16 желтоқсанда туған) және екінші қызы Мэри (2020 жылы 30 қаңтарда туған).

Бұған дейін қазақстандық актер Мұрат Бисембиннің инсульт алып, ауруханаға жеткізілгенін жазғанбыз.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: