Энрике Иглесиас Қазақстанда концерт береді: қалалар мен күндері белгілі болды
Сурет: Instagram/enriqueiglesias
Танымал испан әншісі Энрике Иглесиас 2026 жылы Қазақстанға келеді, деп хабарлайды Zakon.kz.
6 наурызда әншінің Instagram парақшасында концерт өтетін қалалар мен күндері жарияланды:
- 3 қыркүйек – Астана, "Астана Арена"
- 5 қыркүйек – Алматы, Орталық стадион
- Билеттердің сатылымы 7 наурыздан басталады.

Сурет: Instagram/enriqueiglesias
Айта кетейік, 2025 жылы Қазақстанда Backstreet Boys пен Jennifer Lopez концерт берген. Ал 2026 жылы елімізде Тимбалэнд, Николь Шерзингер, Баста Раймс және басқа да әлемдік жұлдыздардың концерті жоспарланған.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript