Қайрат Нұртас Қырғызстанда шоу жасап, желіні жарды
Сурет: Instagram/kair_n
Танымал қазақстандық әнші Қайрат Нұртас 2026 жылғы 27 маусымда Бішкектегі (Қырғызстан) "Кленовый лист" гольф-клубында өткен музыкалық фестивальде өнер көрсетті, деп хабарлайды Zakon.kz.
Әнші музыкалық шоудан үзінділерді өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында жариялады. Сахнада ол "Ирина Кайратовна" тобымен бірге танымал әндерін орындаған.
Жазбадағы пікірлер бөлімінде жанкүйерлер концерттен алған әсерлерімен бөлісіп, әншіге алғыстарын білдірді.
- Нағыз аңыз! Рахмет, Қайреке!
- Тамаша кеш болды, қазақ-қырғыз бір туған!
- Барлығы жоғары деңгейде болды, соңғы рет мұндай концертте қашан болғаным есімде жоқ...
- Шоу ұйымдастырдыңдар, рахмет бауырлар!
Бұған дейін Димаш Құдайбергеннің жаңа жеке концерттік туры басталатындығын жазғанбыз.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript