Қайрат Нұртас пен Дима Билан Қарағандыдағы мерекелік концертте өнер көрсетеді

Кайрат Нуртас, сурет - Zakon.kz жаңалық 13.08.2026 15:09 Фото: wikimedia
2026 жылғы 29 тамызда танымал әншілер Дима Билан мен Қайрат Нұртас Қарағандыда «Шахтер күніне» арналған мерекелік концертте өнер көрсетеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл жаңалықты қала әкімдігінің баспасөз қызметі Instagram парақшасында жариялады. Мерекелік іс-шара кешкі уақытта Әшимов көшесіндегі жаңа алаңда өтеді. Концертке кіру тегін болады.

Аталған хедлайнерлерден бөлек, концерт бағдарламасына басқа да қазақстандық өнерпаздар қатысады.

Тұрғындар болса мерекелік концерт болатына дән риза. Олар әлеуметтік желіде жарыса пікір жазуда.

Сондай-ақ 21 тамызда әзербайжандық әнші Роза Зергерли Қостанай облысының Рудный қаласында өтетін "Қала күні" мерекесінде өнер көрсетеді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: