80 жастағы Петросян балаларымен ойнап, көпшілікті сүйсіндірді

Петросян, сурет - Zakon.kz жаңалық 14.08.2026 13:08 Сурет: Instagram/bruhunova
Белгілі ресейлік әзілкеш Евгений Петросянның 37 жастағы әйелі Татьяна Брухунова күйеуінің балаларымен бірге түскен жаңа видеосын жариялады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Видеода 80 жастағы Петросян балаларын ұстап алатындай болып, әдейі "қорқынышты" кейіпке енеді. Ал қызы Матильда мен ұлы Ваган әкесінің қылығына мәз болып, күліп-ойнап жүр.

"Бізде әр кеш сайын осындай ойындар болады", – деп жазды Брухунова.

Жұлдызды отбасының бұл видеосы жанкүйерлерін де сүйсіндірді. Олар отбасыға жылы лебіздерін білдіріп, балалардың мәз-мейрам болғанына бірге қуанды:

  • Қандай кереметсіздер! Сүйікті отбасымыз, сіздерге зор денсаулық, бақыт тілейміз
  • Бақыт қой!
  • Керемет екен!
  • Сіздердің отбасыларыңыз қандай жылы әрі көңілді!
  • Қандай сүйкімді видео!
  • Балалардың қуанышы қандай керемет!

Айта кетейік, 66 жастағы ресейлік әнші Игорь Николаев 44 жастағы әйелі Юлия Проскурякова және қызы Вероникамен бірге Қытай қорғанына барған еді. Бұл да оның жанкүйерлерін ерекше әсерге бөлеген болатын.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: