"Жүрегім жарылып кетердей": Димаш Құдайберген Каспийдегі қайғылы оқиғадан кейін көңіл айтты

Димаш Кудайберген, сурет - Zakon.kz жаңалық 25.09.2026 14:02 Фото: Zakon.kz
Әлемге әйгілі қазақстандық әнші Димаш Құдайберген Каспий теңізіндегі оқу-жаттығу кезінде 14 әскери қызметшінің қаза болуына байланысты көңіл айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Әнші қайғылы жағдайға қатысты сөзін 2026 жылғы 25 қыркүйекте Instagram парақшасында жариялады.

"Ақтаудағы 18-19 жастағы қазақстандықтардың қазасын қабылдай алмаймын. Жүрегім ауырғаннан жарылып кетердей, сезімімді жеткізер сөз таба алмай отырмын. Олар енді ғана балалық шақтан шыға бастап еді, бірақ жас өмірлері тым ерте үзілді… Қаза тапқандардың ата-аналарына, туған-туыстары мен жақындарына шын жүрегімнен көңіл айтамын".

Бұдан кейін өнер иесі Қазақстанда мұндай қасірет енді ешқашан қайталанбасын деген тілегін білдірді.

"Жандары жәннатта болсын. Қош болыңдар, бауырлар".

2026 жылғы 24 қыркүйекте Маңғыстау облысында әскери-теңіз оқу-жаттығуы кезінде 17 әскери қызметшіні Каспий теңізіне ағыс алып кеткен. Оның үшеуі құтқарылып, 14 әскери қызметші қаза тапты.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қаза тапқан әскери қызметшілердің туған-туыстары мен жақындарына көңіл айтып, 25 қыркүйекті Қазақстанда аза тұту күні деп жариялады.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: