Каспийдегі қайғылы оқиғаға байланысты Қазақстан президентіне көңіл айту жеделхаттары келіп жатыр

Касым-Жомарт Токаев, президент Республики Казахстан, президент РК, глава государства , сурет - Zakon.kz жаңалық 25.09.2026 12:13 Фото: akorda.kz
Каспий теңізіндегі оқу-жаттығу кезінде қазақстандық әскери қызметшілердің қаза табуына байланысты Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың атына шет мемлекеттердің басшылары мен халықаралық ұйымдардың жетекшілерінен көңіл айту жеделхаттары келіп түсіп жатыр, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы бүгін, 2026 жылғы 25 қыркүйекте, Ақорданың Telegram-арнасында хабарланды:

Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёев пен Қырғызстан Президенті Садыр Жапаров Қасым-Жомарт Тоқаевқа және қаза болған жандардың туған-туыстарына, сондай-ақ Қазақстан халқына қайғыға ортақтасып көңіл айтты.

Мемлекет басшысы қиын сәтте жұбату сөзін жеткізген әріптестеріне ризашылық білдіріп, халықаралық қолдау мен тілеулестіктің айрықша маңызды екенін атап өтті.

2026 жылғы 24 қыркүйекте Маңғыстау облысында әскери-теңіз оқу-жаттығуы кезінде әскери қызметшілерді Каспий теңізіне ағызып әкеткен. Олар теңіз жағалауында оқу-жауынгерлік тапсырмаларды орындап жатқан кезде ауа райы күрт бұзылып, жел күшейген.

Бастапқыда 19 әскери қызметшіні теңізге ағызып әкеткені хабарланды. Кейін Маңғыстау облысының әкімдігі олардың саны 17 екенін нақтылады. 12 әскери қызметші қаза тауып, үшеуі құтқарылды. Құтқарылғандардың бірі ауруханада жатыр.

25 қыркүйекте Қорғаныс министрлігі бұған дейін жоғалып кеткен екі әскери қызметшінің денесі табылғанын мәлімдеді. Осылайша Маңғыстаудағы Каспий теңізінде болған қайғылы оқиғадан қаза тапқандар саны 14 адамға жетті.

Ақтау гарнизонындағы оқу-жаттығу кезінде әскери қызметшілердің қаза табуына байланысты ҚР Қылмыстық кодексінің 453-бабының 2-бөлігі ("Ауыр зардаптарға әкеп соққан қызметке салғырт қарау") және 465-бабы ("Кеме жүргізу қағидаларын бұзу") бойынша қылмыстық іс қозғалды. Оқиғаның себептерін тергеу үшін Премьер-министрдің орынбасары Қанат Бозымбаев басқаратын Үкіметтік комиссия құрылды.

25 қыркүйек Қазақстанда жалпыұлттық аза тұту күні болып жарияланды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: